27.04.2024

Архившілер арасында волейболдан турнир өтті

2024 жылғы 27 сәуірде мемлекеттік архив қызметкерлері мен архив ісінің болашақ мамандары арасында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Кубогі үшін волейболдан жарыс өтті. Биылғы дәстүрлі шара Архивтің 30 жылдығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығының аясында ұйымдастырылып отыр.
Турнирге Алматы облысының мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві, Алматы қаласының мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетінің студенттері қатысты. 

Тартысты өткен ойындарда «Алматы қаласының мемлекеттік архивінің «Wakanda» командасы бірінші орынды иеленді, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің «Орталық Архив» командасы 2-ші орынға тұрақтаса, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің «White Tower» командасы 3-ші орынды місе тұтты. Тамаша ойын көрсеткен Алматы облысы мемлекеттік архивінің «Архив тарландары» командасы ерекше атап өтілді.