27.04.2024

Алматыда түркиялық архившілердің көрмесі өтті

2024 жылғы 27 сәуірде Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглуның және Түркия Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік архивтер басқармасының директоры, профессор Угур Уналдың шақыруы бойынша ҚР Президенті Архивінің қызметкерлері Түрік университеттерінің «Жібек жолы-ІІ» халықаралық білім көрмесіне барды.


ҚР Мемлекеттік орталық музейінде өткен көрмеде ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы Осман империясының халықаралық байланыстары туралы сирек кездесетін архивтік құжаттар қойылды.